Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасау үшін 5 минут
8.10.2024Құрметті клиенттер!
"Евразия "ӨСК" АҚ компанияда “қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру” шарттарын жасауды автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталғанын хабарлайды. Енді жеке және заңды тұлғалар қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шартын компанияның сайтында online-форматта жасай алады.
Сайтта ЭЦҚ-ға қол қоюдың екі нұсқасы іске асырылды:
1. ҰКО ЭЦҚ NCALayer арқылы
2. Egov mobile (ЖК үшін) немесе eGov business (ЗТ үшін) мобильді қосымшасы арқылы шығарылған ЭЦҚ Қызметке ақы төлеу электрондық картаның көмегімен жүзеге асырылады, сонымен қатар төлем шотын жүктеу мүмкіндігі бар.
Сізді біздің клиенттеріміздің қатарында көруге қуаныштымыз!