«Евразия Дарын» - сапалы білім алуға мүмкіндік

17.02.2023

17 ақпан 2023 жыл, Алматы қ., - «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы мемлекеттік білім беру жинақтаушы сақтандыру шеңберінде «Евразия Дарын» бағдарламасы бойынша алғашқы келісімшартты жасады. Бағдарлама іске қосылған күні алматылық отбасы балаларының болашақ университетінің ақысын төлеу үшін полис алды. 
«Евразия» ӨСК бағдарламаны «Дарын» деп атауы да бекер емес. Жаңа өнім еліміздің келешегі үшін өскелең ұрпаққа білім алуға жаңа мүмкіндіктер сыйлауға көзделген.

«Біз әрбір ата-ана үшін баласының сапалы білім алып, өмірден өз жолын тауып, болашақта жетістікке жеткенін көру маңызды екенін түсінеміз. Алайда, мемлекеттік білім грантын тағайындау жүйесі жастарға қалаған оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді. Көптеген балалар грантта оқу үшін ғана өздері қаламаған университет пен факультетті таңдайды. Енді әрбір қазақстандық баласының білім алуына мемлекет пен сақтандыру компаниясы қолдауымен қаражат жинай алады. Айта кету керек, бағдарламаны ата-аналар ғана емес, туысқандары да пайдалана алады», - деп «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы басқарма төрағасы Убегалиева Гүлмира атап өтті.

«Евразия Дарын» бағдарламасы арқылы ата-ана сақтандыру компаниясынан 8% инвестициялық кіріс және жылына 5% мемлекет сыйақысын алады. Ал жетімдерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасы балаларына – жылына 7% сыйақы тағайындалған.

Мәселен, сіздің балаңыз 8 жаста делік, сәйкесінше 10 жылдан кейін жоғары оқу орнын іздейтіндеріңіз анық. Егер жинақтаушы сақтандыру келісімшартын 10 жылға 5 миллион теңгеге жасасаңыз, келісімшарт мерзімі біткен кезде мемлекет сыйақысы 1 790 000 таңгені құрайды. Ал жалпы сақтандыру төлемі 6 790 000 теңге болады. 
Ата-анасы қайтыс болған немесе еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, балаға сақтандыру шартында жазылған оқудың толық сомасы төленеді.

Сондай-ақ, жинағыңызға сақтандыру тө¬леміне кепілдік беру қоры кепілдік береді. Сақтандыру төлемі толығымен және сақтандыру сыйақы 320 АЕК-ке дейін салықтан босатылған.

«Евразия Дарын» өнімі бойынша баланың оқуына арналған сақтандыру төлемі тікелей білім беру ұйымына аударылады. Егер сіздің бірнеше балаңыз болса, әр балаға жеке полис аша аласыз. Егер бала өз күшімен мемлекеттік грант иегері атанса, жинаған ақшаңызды қалауыңызша жұмсай аласыз немесе келесі балаңызға аудара аласыз. Бағдарламада оқу ақысын төлеу академиялық демалысты қосқанда өз еркіңіз бойынша екенін атап өткім келеді. Егер білім алушы оқудан шығып қалған жағдайда, сақтандыру төлемін үш жылға дейін кейінге шегеруге болады», - деп айтты Убегалиева Гүлмира.

Қазіргі заманда балаға мемлекеттің көмегімен жақсы білім беру – керемет мүмкіндік. Бұны әрбір азамат пайдалана алуы тиіс. «Евразия» ӨСК әр баланың қалаған жоғары оқу орнына түсу арманын шындыққа айналдыруға көмектеседі.

«Евразия» ӨСК АҚ S&P Global Ratings агенттігінің BBB қаржылай тұрақтылық рейтингі бар ҚР жалғыз жеке қаржы институты болып табылатын «Евразия» СК» АҚ еншілес ұйымы.2020 жылдың 02 қарашасында S&P Global Ratings тәуелсіз рейтингт бойынша және өмірді сақтандыру бойынша барлық компаниялар арасында ең жоғары болып табылатын BBB-қаржылық тұрақтылық рейтингін берді. 01.01.2023 жағдай бойынша «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ  жарғылық капиталының көлемі барлық өмірді сақтандыру компаниялары жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайтын 16,1 млрд теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен "Өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына 2022 жылғы 28 желтоқсанда берілген №2.2.13 Лицензиясы.