"Евразия" ӨСК Атырау тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді

18.10.2022

19 қыркүйекте "Евразия" ӨСК" АҚ Атырау облыстық филиалында өмір мен денсаулықты сақтандыруға қызығушылық танытқандар үшін Ашық есік күні өтті. Сіздерге "Атырау" телекомпаниясының сюжетін ұсынамыз.

"Евразия" өмірді сақтандыру компаниясы зейнетақы аннуитеті бағдарламасын ұсынады. Бұл жоба өмірді сақтандырудан ғана емес, сонымен қатар ақша жинаудан, жоғары оқу орындарына түсу кезінде балаларының болашағы үшін жағдай жасаудан тұрады.

Қазіргі уақытта өмірді сақтандыруға қызығушылық күннен-күнге артып келеді. "Евразия" өмірді сақтандыру компаниясы өз клиенттерін ақпараттандыруға, сервистік қызмет көрсетумен байланысты барлық талаптар мен қажеттіліктерді толық қанағаттандыруда үлкен рөл атқарады.

- "Евразия" өмірді сақтандыру компаниясы бүгінде өз ісін белсенді жүргізуде. Біз болашаққа ақша салу және жинақтау үшін зейнетақы аннуитеті бағдарламасын және өмірді сақтандыруды ұсынамыз, - деді кездесуде "Евразия" ӨСК Атырау облыстық филиалының директоры Райса Туремуратова.

Нарықта 2019 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Евразия" өмірді сақтандыру компаниясы "Алтын жастағы қаржылық жайлылық" Ашық есік күнін өткізді. Тұсаукесер барысында Компанияның өнімдері ұсынылды: зейнетақы аннуитеті, оның ішінде кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті, өмірді жинақтаушы сақтандыру. Салтанатты шараға өңірдің білікті қаржыгерлері, өңірдің кәсіподақ басшылары, өмірді сақтандыру саласының қарқынды дамуына үлес қосқан компания мүшелері қатысты.

- Мен 2016 жылдан бері осы қызметтерді, зейнетақы аннуитетін пайдаланып келемін. Бұл менің "Евразия" өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті бойынша төртінші шартым. Ай сайын зейнетақы төленеді. Шарт жасастық, маған бәрі ұнайды, - деп бөлісті "Евразия" ӨСК клиенті Ерден Жолымбаев.

Егер сіз өз өміріңізді сақтандыру арқылы болашаққа ақша жинағыңыз келсе, "Евразия" өмірді сақтандыру компаниясы Сізді Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 19В мекенжайы бойынша күтеді. Компанияның кеңселері елдің барлық аймақтарында орналасқан.

2022 жылғы 07 қыркүйекте "Евразия" ӨСК эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі және S&P Global Ratings компаниясының "Тұрақты" болжамынан "ВВВ -"деңгейіндегі қаржылық орнықтылық рейтингі берілді. Ұлттық межел бойынша рейтинг "kzAAA" деңгейінде расталды.

2022 жылғы 16 тамыздағы жағдай бойынша "Евразия" ӨСК жарғылық капиталы 16 млрд теңгеден асты, бұл мемлекет қорландыратын компанияларды қоса алғанда, өмірді сақтандыру жөніндегі барлық компаниялардың жиынтық жарғылық капиталының 67,8% құрайды.

Журналистер: Айзада Габит, Сухия Каттаркызы, Тлеккабыл Гумаров, "Атырау" телеарнасы