«Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы Құлсарыда ашық есік күнін өткізді
22.09.202320 қыркүйек күні Атырау облысы Құлсары қаласында «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясының жаңа филиалы есік ашты. Ашылу салтанаты құрметіне өмір мен денсаулықты сақтандыруға қызығушылық танытқан барлық тұрғындарға ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында компания қызметкерлері «Евразия» ӨСК ұсынған сақтандыру өнімдерінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтты. Оның ішінде ата-аналарға баласының жоғары оқу орнында оқуына ақша жинауға мүмкіндік беретін мемлекеттік білім жинақтаушы жүйесі туралы айтылды.
«Евразия» ӨСК келісімшартқа отыру арқылы компанияда 8%-ға дейін кіріс және мемлекеттен 5% сыйлықақы алып қаражат жинауға «Евразия Дарын» бағдарламасын ұсынады.
Ашық есік күніне келген тұрғында талқылауға белсене араласып, «Евразия Дарын» білім жинақтаушы полисі туралы өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды.
«Евразия» ӨСК алдағы уақытта да Қазақстанда сақтандыру мәдениетінің дамуына үлес қосып, өмірді сақтандыруды насихаттауын жалғастырады.
Егер сіз де өміріңізді сақтандырып, болашаққа ақша жинауды қаласаңыз «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы Құлсары қаласы, Махамбет к. 120 мекенжайы бойынша күтеді. Компанияның офистары барлық өңірлерде бар.