«Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясы «Алматы марафон-2023» қайырымдылық шарасына қатысты

2.10.2023

Өткен жексенбіде Алматыда 15 мыңнан астам адамның басын қосқан марафон өтті. Қатысушылар арасында басқа қалалардан және алыс-жақын шетелден келген қонақтар болды. 

«Алматы марафон» Халықаралық AIMS жарыстар және қашықтыққа жүгіру қауымдастығына кіреді, марафон трассасы World Athletics стандарттарына сай сертификатталған. «Алматы Марафон» қатысушылары жасаған төлемнің бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады. 

«Евразия» ӨСК қызметкерлері кезекті рет 42 км 195 м қашықтықты командасымен жүгіріп өтуге арналған «Экиден» эстафетасына қатысты. Команда құрамына 6 адам кірді:

             Нұрқабек Қуандық;

             Сауле Қаирбекова;

             Любовь Ли;

             Дархан Сағынаев;

             Индира Ұзақбаева;

             Анваржан Абдуллаев.

«Марафонды жеңіл жүгіріп өттім, айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Біз ұжыммен дайындықты бір ай бұрын бастадық және нәтижемізге көңіліміз толды. Марафоннан алған әсерім өте керемет!», - деп айтты команда капитаны Дархан Сағынаев. 

«Евразия» ӨСК қызметкерлердің спорттық шараларға қатысуын үнемі қолдауға дайын және бос уақытты тиімді өткізуге атсалысады. 

«Біл менің «Экиден» эстафетасында алғаш рет қатысуым. Қашықтықта жоғара қарай жүгіру қиындық әкелді, жалпы бәрі жақсы өтті. Командамен бірге жүгіруге мүмкіндік жасаған «Евразия» Өмірді сақтандыру компаниясына алғысымды білдіремін. Бізді қолдаушыларға да рахмет, біздің ұжым - өте керемет!», - деп айтты Любовь Ли. 

Ал біз ұжымдастарымызды кезекті жетістіктерімен құттықтаймыз!