Сіздің мақсаттарыңыз үшін өмірді сақтандыру полисін таңдаймыз

12.08.2024

Жинақтаудың мақсаттары әртүрлі болады: бреулер бірінші ипоткалық жарнаға немесе ұлының үйлену тойына, біреулер лайықты зейнетақыға жинайды, ал кейбіреулер жаңа автомобиль сатып алуға немесе баласының білімін төлеуге қаражат жинайды. Осы мақсаттардың барлығына өмірді сақтандыру көмектеседі. Бұл жерде біз жинақтаудың әртүрлі мақсаттары үшін өмірді сақтандыру полистері қандай болатыны туралы айтамыз.  


Өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) ұсынатын құралдардың көмегімен балалардың жоғары білім алуына ақы төлеуге арналған жинақтар қалыптастыруға, немесе, аннуитет шартын жасасуға болады, оның шарттары бойынша ӨСК клиентіне ол 55 жасқа толғаннан кейін төлемдер жүргізілетін болады. Бірінші жағдайда шарттар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде, екіншісінде – БЖЗҚ-да жинақталған қаражат есебінен зейнетақы аннуитеті бағдарламалары шеңберінде жасалады. 


«Жинақтау мақсатын мақсатын көрсетпей қалыптастырылатын сақтандыру бағдарламалары да бар. Әдетте, осындай сақтандыру шарттарын жасаса отырып, клиенттер нақты қаржылық міндетті шешу үшін ақша жинауды жоспарлайды, бірақ, мысалы, баланың ЖОО-ға түсуі немесе белгілі бір жасқа жетуі сияқты қандай да бір оқиғаның басталуы төлемдерді жүзеге асыру үшін міндетті шарт болып табылмайды», - деп түсіндіреді «Евразия» ӨСК сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев.


Өмірді сақтандыру компанияларындағы жинақтар банктерге қарағанда тиімдірек. Қаржылық кепілдіктерден басқа, өмірді сақтандыру бірнеше маңызды артықшылықтарды иеленеді. Мысалы, полис иесі салық шегеріміне сене алады, сақтанушы үшін сақтандыру төлемдері өсиетте емес, шартта көрсетілген адам алады, полис тәркіленбейді, тыйым салынбайды және ажырасу кезінде мүлікті бөлуге жатпайды.


«Иә, өмірді сақтандырудағы жинақтау түрлері клиенттің алдына қойған мақсаттарына байланысты өзгеруі мүмкін. Жұмыста кездесетін негізгі қажеттіліктер, әдетте, клиенттердің әртүрлі мақсаттарын қалыптастырады. Мысалы, отбасын қаржылық қорғау, егер асыраушы қайтыс болса, өмірді сақтандыру полисі отбасына қаржылық қолдау көрсетіп, күнделікті шығындарды, ипотеканы, балалардың білімін және сақтандырылған адамның басқа да міндеттемелерін жабуға көмектесуі тиіс. Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда отбасын қаржылық ауыртпалықтан құтқару үшін қарыздар мен несиелерді өтеуге байланысты мақсаттар жиі кездеседі. Осы мақсатта бізде қарыз алушылардың өмірін сақтандыру бағдарламасы бар, ол бойынша қарыз алушының денсаулығы нашарлаған жағдайда немесе ол өмірден кеткен жағдайда несие бойынша негізгі борыш сомасы сақтандыру шарты бойынша төлеу есебінен өтелуі мүмкін», - дейді Halyk Life басқарма төрағасы Жанар Жұбаниязова.


Бағдарламалар 


Halyk Life өз клиенттеріне отбасын қаржылық қорғау үшін  «Тұмар» («Амулет») және «Балам» екі сақтандыру бағдарламасын ұсынады. «Тұмар» бағдарламасы бойынша компания сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сақтандыру сомасын төлейді, сондай-ақ ауыр сырқатты диагностикалау кезінде немесе жазатайым оқиға салдарынан дене жарақатын алған кезде сақтандыру шартына қосымша төлемдерді енгізуді ұсынады. «Балам» бағдарламасы бойынша Halyk Life сақтандырылған бала дене жарақатын алған жағдайда бір млн теңгеге дейін сақтандыру төлемін жүзеге асырады. 


Қосымша табысы мен жинақтары жоғары клиенттерге көмектесу үшін, біздің компания «Бәйтерек», «Болашақ-Life» және «Халық-Қазына» сияқты бағдарламаларды ұсынады. Сондай-ақ, «Білім-Life» мемлекеттік жинақтау жүйесі аясындағы жаңа өнім.  


«Бәйтерек» бағдарламасы бойынша клиент сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сақтандыру тәуекелдерінің кең спектрі басталған кезде: жазатайым оқиға нәтижесінде I не II топтағы мүгедектік белгіленген кезде; жазатайым оқиға нәтижесінде еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылуына байланысты; дене жарақатын алған кезде; ауыр сырқат диагнозы қойылған жағдайда сақтандыру төлемін алуға сенім арта алады. «Болашақ-Life» бағдарламасы балаларға өз бетінше өмірге ену кезінде қажетті бастапқы капиталды қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама бойынша ата-аналардың екеуін де әртүрлі қауіптерден, сондай-ақ дене жарақатын алған жағдайда баланы сақтандыруға болады. Бағдарлама сақтандырылған ата-ананың өмірінде қолайсыз оқиға болған кезде немесе сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру төлеміне кепілдік береді», - деп нақтылайды Жанар Жұбаниязова.


«Халық-Қазына бағдарламасының басты мақсаты -  клиенттерге АҚШ долларымен 4,2% - ға дейінгі жинақтау кірістілігін ұсыну, бұл валютадағы депозиттер бойынша қазіргіден жоғары, және бұл ретте оларға жинақтау мерзіміне өз өмірін сақтандыруға мүмкіндік беру.  


Тағы да Халык-Life-та сақтандыру өнімі бар - «Bilim-Life», оның арқасында ата-аналар біздің елімізде де, сол сияқты шетелде де бала үшін кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге қажетті соманы жинай алады. «Bilim-Life» депозитке ұқсас, бірақ салымды қалыптастырудан басқа, ата-ананың өмірі жинақтаудың бүкіл мерзіміне сақтандырылған. Сонымен қатар, жыл сайын жинақтау сомасына мемлекеттен 7% - ға дейінгі мөлшерде, бірақ жылына 100 АЕК шектеу ескеріле отырып, сыйлықақы есептелетін болады.  


МБЖЖ бағдарламаларының басты артықшылығы  мемлекеттің болашақ жинақтарды қалыптастыруға қатысуы болып табылады. Мемлекетпен бөлінетін сыйлықақылар есебінен инвестициялық табыс және, соның салдарынан, болашақта пайдасына шарт жасалған баланың жоғары білімі төленетін төлем сомасы ұлғаяды. Мысалы, егер ата-ана баланың пайдасына 10 жыл ішінде «Еуразия» ӨСК «Дарын» МБЖЖ бағдарламасы бойынша жылына 1 миллион теңгеден төлейтін болса, онда шарт аяқталғаннан кейін төлем 19,7 млн теңгені құрайды, оның 4,2 млн теңгесі мемлекет сыйлықақылары есебінен қалыптастырылатын болады. Бұл ретте ата-ананың өмірі мен еңбекке қабілеттілігі сақтандырылады: сақтандыру жағдайы басталған кезде жарналарды төлеуді сақтандырушы өзіне алады. Әрине, баланың ЖОО-на түспеу, түсе алмау немесе түскісі келмеу қаупі бар. Бұл жағдайда шарттың мерзімін ұзартуға немесе оны басқа балаға қайта ресімдеуге болады. Кез келген жағдайда, ақшаны алуға әрқашан мүмкіндік бар, дегенмен, мемлекеттің сыйлықақысынсыз.   


«Евразия» ӨСК өз клиенттеріне МБЖЖ ресімдеу кезінде - полис валютасын (теңге, АҚШ доллары) таңдай алатын тағы бір маңызды артықшылығын ұсынады. «Grant» МБЖЖ бағдарламасы бойынша полисті жыл сайынғы $4,2% дейінгі кепілдендірілген мөлшерлемемен ресімдеуге болады. Бұл ұсыныс клиент үшін бірегей, және сөзсіз, тиімді, өйткені бағдарлама бойынша кірістілік долларлық депозиттерге қарағанда жоғары. Өнімнің жоғары мөлшерлемелер, инфляциядан қорғау, салықтық жеңілдіктер, заңды артықшылықтар және полистің бүкіл қолданылу мерзіміне өмірді сақтандыру сияқты артықшылықтары клиенттерді тартады, соның есебінен жыл сайын шарттар саны артып келеді», - деп нақтылайды Рамай Курбангалиев.   


Зейнетақы аннуитетінде төлемдер өмір бойы жүргізіледі. Клиенттерге олардың ақшалары ай сайын аударылады, бұл ретте төлемдер мөлшері жыл сайын 7% - ға ұлғаяды. Тіпті егер төлем сомасы клиент төлеген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен асып кетсе де, төлемдер тоқтамайды. Осылайша, төлемдерді  алушы қай жаста болса да, күнкөріске қаражатсыз қалмайды. Маңызды артықшылығы төлемдер 55 жастан басталады, ал кейбір санаттағы азаматтар үшін ертерек, яғни зейнетақы аннуитеті бағдарламасының клиенті зейнетке шыққанға дейін кемінде 8 жыл бұрын басталады. Бұл ретте, егер клиент өз жинақтарын қандай да бір мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін пайдалануды шешсе, мұны тек зейнетақы аннуитеті шартын бұзып, екі жыл өткеннен кейін ақшаны БЖЗҚ-ға қайтару арқылы ғана жасауға болатынын ұмытпаған жөн.


ӨСК-ге салымдар қаншалықты қауіпсіз 


«Жоғарыда ескерілген сақтандыру бағдарламалары туралы айтатын болсақ, онда мұнда клиент алдындағы барлық міндеттемелердің орындалуын ҚР сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қамтамасыз етеді. ӨСК-нің кез келгені таратылған кезде төлемдерді көрсетілген қор жүргізетін болады. Жалпы, өмірді сақтандыру қаржы нарығының ең тұрақты саласы болып саналады. Клиенттер төлеген барлық ақшаны бөлу мемлекеттің талаптарына сәйкес пруденциалдық нормативтерді орындау тетігі арқылы жүргізіледі», - деп атап өтті «Евразия» ӨСК сату және өңірлік даму департаментінің директоры. 


Нормативтердің орындалуын бақылау он күн сайын жүргізіледі. Олардың кез-келгенін орындамау лицензиядан айыруға дейін сақтандырушыға санкциялар қолдануға негіз бола алады. Салынған санкциялар туралы ақпарат қадағалау органының сайтында жарияланады. Басқаша айтқанда, жүйе мүлдем ашық және ең алдымен клиенттің мүдделерін қорғауға бағытталған.  


ӨСК артықшылықтары 


Әр түрлі сақтандыру бағдарламаларының өз артықшылықтары бар, бірақ ортақ, бәріне тән өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы бар:  


• Сақтандырылған адамға және оның отбасына сақтандыру мерзіміне қаржылық қорғауды қамтамасыз ету;  
• Капиталды жинақтау және оны көбейту – кепілдендірілген табыстың болуының есебінен;
• Салықтық жеңілдіктер - сақтандыру жарналары 3 жылдан жоғары мерзімге жасалған шарттар бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатқызылады;
• Қарызға алынған қаражаттар мүмкіндігі - кейбір жағдайларда жинақталған қаражаттар сақтандыру компаниясынан қарыз алу үшін кепіл ретінде пайдаланылуы мүмкін. Кейде бұл күтпеген қаржылық жағдайларда пайдалы;
• Үшінші тұлғалардың кінәрат-талаптарынан қорғау - сақтандыру шартында сақтандырылған клиент қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын тұлғаны көрсетуге болады. Бұл жағдайда мұрагерлікке қол жеткізуге болатын мерзімді күтудің қажеті жоқ. 


Полисті қалай сатып алуға болады 


«Өмірді сақтандырудың тиісті бағдарламасын таңдау, ең алдымен, адамның жеке мақсаттары мен қаржылық жағдайына байланысты. Сондықтан сақтандыру бағдарламасын таңдаған кезде келесі қадамдарды ұстануға кеңес береміз. Біріншіден, жинақтау мақсаттарын анықтаңыз. Бұл, мысалы, зейнеткерлікке немесе балалардың біліміне, отбасын қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге немесе инвестициялау және капиталдың өсуі сияқты капиталды жинақтау болуы мүмкін. Екіншіден, қаржылық мүмкіндіктеріңізді талдаңыз, кірістер мен шығыстарды бағалаңыз және сақтандыруға үнемі қанша ақша жинауға дайын екеніңізді есептеңіз. Үшіншіден, сақтандырудың әртүрлі түрлерін зерттеп, артықшылықтарын анықтаңыз және оларды мақсаттарыңызбен байланыстырыңыз. Таңдалған бағдарлама сіздің ұзақ мерзімді жоспарларыңыз бен қажеттіліктеріңізге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Төртіншіден, әртүрлі сақтандыру компанияларының ұсыныстарын, құнын және әртүрлі бағдарламалар бойынша ықтимал төлемдерді салыстырыңыз. Сіз келісім-шарт жасағыңыз келетін сақтандыру компаниясының жақсы беделі мен оң пікірлері бар екеніне көз жеткізіңіз. Бесінші, кәсіби мамандардың кеңесін алыңыз. Мысалы, сараптамалық кеңес алу үшін қаржы кеңесшісіне немесе сақтандыру агентіне хабарласыңыз. Алтыншы, сақтандыру шартының шарттарын, оның ішінде ерекшеліктер мен шектеулерді мұқият зерттеңіз. Мұндай теңдестірілген тәсіл сіздің жеке және қаржылық мақсаттарыңызға сәйкес келетін өмірді сақтандыру бағдарламасын таңдауға көмектеседі», - деп қорытындылады  Halyk Life басқарма төрағасы.


Сақтандыру бағдарламасын таңдау кезінде заңнаманың барлық талаптарын сақтау ғана емес, сонымен бірге болашақ шарттың әрбір опциясын және әрбір параметрін қосу/алып тастаудың орындылығын анықтау маңызды. Сонымен, мәселен, МБЖЖ бағдарламасы бойынша шарт жасасу кезінде төлем алушының кандидатурасын қаржы орталығымен келісу қажет (МБЖЖ бағдарламасы бойынша баланың пайдасына бір шарттан артық әрекет ете алмайды), ал параметрлерді айқындау кезінде полис валютасын, жарна мөлшерін, оны төлеу мерзімділігін, сақтандыру мерзімін таңдау қажет. «Сақтандыру тарифінің мөлшері сақтандырылған адамның жынысына, жасына, денсаулық жағдайына байланысты. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде, басқалармен қатар, жұмыс беруші клиент үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төледі ме, соны анықтау керек. Егер төлесе, қай кезеңде? Басқаша айтқанда, нюанстар көп, сондықтан біз сақтандыру агенттерімен және менеджерлерімен бірге сақтандыру бағдарламасын таңдауды ұсынамыз. Олар сапалы кеңес беру үшін барлық ақпарат пен құзыреттерді иеленеді. Шарттарды ресімдеуге келетін болсақ, «Евразия» ӨСК-де мұны ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, онлайн форматта немесе «ескі тәсілмен», барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып, сақтандыру өтініші мен шартқа қағаз тасығышта қол қою арқылы жасауға болады. Бұл жерде біз әрқашан клиенттің қалауы мен мүмкіндіктеріне бейімделеміз», - деп қорытындылады Рамай Курмангалиев.