Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

"Евразия Лайф" сақтандыру жағдайы басталған кезде:
- Қызметкерге еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу мерзімі ішінде зардап шеккен қызметкерге ай сайынғы төлемдерді жүзеге асырады. Және осы мерзім белгіленгеннен кейін оған денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстар қосымша өтеледі;
- Қайтыс болған қызметкердің асырауындағы балаларына олар 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы төлемдерді жүзеге асырады. Егер олар күндізгі оқу түрі бойынша оқуды жалғастыруды шешсе, төлемдер 23 жасқа дейін жалғасады;
- ҚР заңнамасына сәйкес қайтыс болған қызметкердің асырауындағы қалған барлық адамдарға ай сайынғы төлемдерді жүзеге асырады.