Туристті міндетті сақтандыру

Туристті міндетті сақтандыру "Туристті міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалардың салдарынан күтпеген шығыстар туындаған жағдайда сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Туристті міндетті сақтандыру "Туристті міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырылушының пайдасына жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

Көшпелі туризм саласындағы туроператордың туристті міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.

 

САҚТАНДЫРУ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Туроператорлар мен турагенттердің заңнаманы сақтауы;
  • Шетелде болған кезеңде сақтанушының мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Туристік қызметтерді ұсыну қауіпсіздігін арттыру.

 САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ

  • Сақтанушы: сақтандырушымен сақтандырылушының пайдасына туристті міндетті сақтандыру шартын жасасқан көшпелі туризм саласындағы туроператор.
  • Сақтандыру сомасы: сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы. 

 

Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (АҚШ долларымен / еуромен)

Бағдарлама 1

Бағдарлама 2

Бағдарлама 3

25 200

66 800

108 100

Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі, әрбір сақтандыру жағдайы бойынша өтелуге жататын шығыстардың түрлері "Туристті міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

Бір сапар үшін сақтандыру сыйлықақысының мөлшерлері (АҚШ долларымен)*

 

Сапар күндерінің саны

Бағдарлама 1

Бағдарлама  2

Бағдарлама  3

10 дейін

1,12

1,51

1,83

11 - ден 20-ға дейін

1,12

1,48

1,70

21-ден 40-қа дейін

1,12

1,43

1,59

41-ден 60-қа дейін

1,03

1,40

1,53

61-ден 90-ға дейін

1,03

1,35

1,48

91 және одан жоғары

0,95

1,30

1,40

*Сақтандыру шарты жасасу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша 

 

Сақтандыру сыйлықақысын есептеу мақсаттары үшін уақытша болатын елдің аумағында сақтандырылған күндер саны, оның ішінде жолда болу уақыты пайдаланылады.

  • Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі:  біржолғы төлеммен төлейді.
  • Сақтандыру жағдайы:
    • сақтандырылушының қайтыс болуына не оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан сақтандыру аумағында болған жазатайым оқиға.
    • сақтандырылушыға денсаулыққа елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін кенеттен өткір ауру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы аурудың өршуі.
  • Сақтандыру төлемі: сақтандыру төлемінің  мөлшерін сақтандырушы сақтандырылушыға немесе компанияның ассистансына ұсынған осы шығындарды растайтын құжаттар негізінде сақтандырылушының нақты шығыстарының сомасына сүйене отырып айқындайды.
  • Сақтандыру аумағы: туристік қызметтер көрсету аумағы.

ҚҰЖАТТАР

Туристті міндетті сақтандыру ережелері