ЖОМС шарттарының шегіндегі аннуитеттік сақтандыру

Зардап шеккен қызметкерге немесе зиянды өтету құқығы бар тұлғаларға төлемдер. Сақтандыру жағдайы басталған кезде ЖОМС сақтандыру шарты бойынша «Евразия» ӨСК» АҚ қолданыстағы заңнамада көзделген көлемде қызметкердің жоғалтқан жалақысын өтеуді жүзеге асыратын болады.

ЖОМС шарттарының шегіндегі аннуитеттік сақтандыру

Төлемдер ҚР «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» Заңының талаптарын орындау үшін ЖОМС шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Тиімділік


Қызметкердің немесе залалды өтету құқығына ие тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау.

Жұмыс берушінің қызметкердің алдындағы әлеуметтік жауапкершілік

Жылдам сақтандыру төлеміне кепілдік
  • Сақтандыру төлемдерінің шарттары
    • Қызметкерге бір жылдан кем мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты - ай сайын аннуитет шарты негізінде жүзеге асырылады; бұл ретте бірінші сақтандыру төлемі барлық көзделген құжаттар ұсынылған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
    • Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін бір жыл және одан да көп мерзімге белгілеумен байланысты - аннуитет шартына сәйкес (бірақ қызметкердің зейнетақы жасына жету мерзімінен көп емес) қызметкердің кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу немесе созу (қайта куәландыру) мерзіміне тең мерзім ішінде қызметкердің пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде жүзеге асырылады.
    • Жазатайым оқиға болған кезде қызметкердің қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ жазатайым оқиға салдарынан оның денсаулығының нашарлауы себебінен залалды өтеу бойынша - ҚР заңдарына сәйкес аннуитет шартына сәйкес ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген мерзім ішінде зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалардың пайдасына аннуитеттік төлемдер түрінде зиянды өтеу.
  • Шарт қалай әрекет етеді
    • Егер кәсіпорында қызметкердің кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айырылуына немесе қайтыс болуына әкелген жазатайым оқиға орын алған болса, «Евразия» ӨСК» АҚ зардап шеккен қызметкерге немесе ҚР заңдарына сәйкес залалды өтету құқығына ие тұлғаларға ҚР Азаматтық кодексімен белгіленген мерзім ішінде және аннуитет шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады.

Сақтандыруға өтінім

Біздің оператор қайта қоңырау шалады, шарттар туралы түсіндіреді және шартты ресімдеуге көмектеседі.

«Евразия» ӨСК» АҚ басымдылығы — уақытылы төлемдер.