«Евразия» ӨСК - өмірді сақтандыру нарығындағы 7-ші ойыншы

«Евразия»  ӨСК -  өмірді сақтандыру нарығындағы 7-ші ойыншы

Отандық сақтандыру нарығында жаңа ойыншы пайда болды: 2019 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Евразия» ӨСК» АҚ-на «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берді, ол «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру нарығының тұрақты көшбасшысы «Евразия» СК» АҚ-ның еншілес құрылымы болып табылады.

Өмірді сақтандыру компаниясын құру туралы шешім клиент барлық қызметтерді бір «терезеден» ала алатын кезде әлемде қабылданған табысты «one-stop-shop» бизнес моделін іске асырудағы орынды қадам болды. Бұл әрекет ететін және әлеуетті клиенттерге барлық сақтандыру қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша, «Евразия» ӨСК еншілес құрылымын құру бірлескен тоғыспалы сатудың табысты дамуына, яғни клиенттерге қызмет көрсету сапасының айтарлықтай өсуіне үлкен мүмкіндік береді.

ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңы бойынша «Өмірді сақтандыру және қайта сақтандыру» саласы бойынша капиталдың ең аз рұқсат етілген мөлшеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, «Евразия» ӨСК жарғылық капиталы 5.4 млрд.теңгені құрайды.

«Біз Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы күшейтілген өсу циклінде деп есептейміз және біз оның болашағы мен әлеуетін жоғары бағалаймыз. Бұл ретте өмірді сақтандыру нарығындағы жағдай ұзақ уақыт бойы тұрақты деп санаймыз – нарықта өмірді сақтандыру бойынша топ үш компанияға шоғырланды, олардың үлесі сақтандыру сыйлықақыларының барлық алымдарының 85% - ын құрайды. Алайда, біздің адамдардың өмірді сақтандыруға, қазіргі уақытта және болашақта өз өмірін қауіпсіздендіруге және жақсартуға ұмтылысына деген өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, біз клиенттердің талаптары мен қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын бірегей өнімдер мен жоғары сапалы қызмет көрсетуді ұсына алатынымызға сенімдіміз. «Евразия» СК клиенттері 20 жылдан астам уақыт бойына компания көрсететін қызметтердің жоғары сапасына көз жеткізе алды. Кезекте – «Евразия» ӨСК клиенттері, - деп мәлімдеді «Евразия» ӨСК басқарма төрағасы Гүлмира Убегалиева.

"Нацбанк выдал лицензию на страхование жизни "дочке" СК "Евразия" - Interfax.kz, 11.03.2019

"Нацбанк выдал лицензию на страхование жизни "дочке" СК "Евразия" - Inbusiness.kz, 11.03.2019

"КСЖ "Евразия" - 7-й игрок на рынке страхования жизни" - Forbes.kz, 11.03.2019

"КСЖ "Евразия" – седьмой игрок на рынке страхования жизни" - Express-k.kz, 11.03.2019

"На рынке страхования жизни Казахстана появился новый игрок — КСЖ "Евразия" - Forinsurer.com, 11.03.2019

"КСЖ "Евразия" - 7-й игрок на рынке страхования жизни" - Insur-Info.ru, 11.03.2019

"КСЖ "Евразия" - 7-й игрок на рынке страхования жизни" - Asn-News.ru, 11.03.2019