Туристі міндетті сақтандыру

Сақтандыру бағдарламасы туристік пакет бойынша шетелге сапар кезінде туындайтын күтпеген тәуекелдерден және шығындардан қорғауға арналған.

Туристі міндетті сақтандыру

Сақтандыру полисін/ сертификатын ресімдеуді турагенттер арқылы туроператор жүзеге асырады.

Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін жедел көмекке және барлық қажетті медициналық қызметтерге арналған шығындарды «Евразия» ӨСК» АҚ таңдалған сақтандыру бағдарламасы аясында таңдалған бару еліне байланысты және қолданыстағы заңнамада көзделген көлемде төлейтін болады.

Туристті міндетті сақтандыру объектісі Сақтандырушының «Туристті міндетті сақтандыру туралы» қағидаларында көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген сақтандырылушының мүліктік мүддесі болып табылады.

Барлық бағыттар бойынша туристерге қызмет көрсетуді сақтандырушы серіктесі – Global Voyager Assistance халықаралық сервистік ассистанс компаниясы жүзеге асырады

Сақтандыру жағдайы орын алған кезде Сіз жылына 365 күн тәулік бойы 24 сағат қызмет көрсететін төменде берілген стационарлық желілердің біріне хабарласа аласыз:

  • Бүкіл әлем бойынша стационарлық желі: +7 495 775 09 99
  • Кипр Республикасы, Ларнака бойынша стационарлық желі: + 357 (24) 625 099
  • Ресей Федерациясы, Москва бойынша стационарлық желі + 7 (495) 775 09 99

Назар аударыңыз! Медициналық көмекті алу үшін сақтандыру полисінде /сертификатта көрсетілген телефондар бойынша хабарласу қажет.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде не істеу керек?

Сізге шұғыл түрде, тәулік уақытына қарамастан, Сақтандыру полисінде / сертификатта көрсетілген телефон нөмірі бойынша компания Ассистансының тәулік бойы диспетчерлік қызметіне кенеттен қатты ауыру немесе жазатайым оқиғаның басталуы туралы хабарлау қажет.

Компанияның ассистанс өкілінің нұсқауларын орындаңыз және келесі ақпаратты хабарлауға дайын болыңыз: 

  • тегі, аты;
  • сақтандыру полисінің/ сертификатының нөмірі,
  • орналасқан жері және байланыс телефоны; 
  • сақтандыру жағдайы басталған жағдайлар; 
  • қандай көмек қажет.

Сақтандыру полисін/сертификатын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, ассистанс - компания өкілдері ұсынған ұйымда медициналық көмек алыңыз.

Білген маңызды

Білген маңызды

Туристті міндетті сақтандырудың сақтандыру полисі күшіне енгеннен кейін болған мынадай оқиғалар сақтандыру жағдайы болып танылады:

1) сақтандырылған адамның қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан, сақтандыру аумағында орын алған жазатайым оқиға.

Жазатайым оқиға ретінде кенеттен, күтпеген жерден, қасақана емес, сыртқы оқиға немесе сақтандырылушыға қатысты әсер ету түсініледі;

2) сақтандырылушыға денсаулыққа елеулі зиян келтіруді болдырмау немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетуді талап ететін кенеттен жіті ауру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы аурудың асқынуы.

Жеке кабинетке ауысу

Сақтандыруға өтінім

Біздің оператор қайта қоңырау шалады, шарттар туралы түсіндіреді және шартты ресімдеуге көмектеседі.

«Евразия» ӨСК» АҚ басымдылығы — уақытылы төлемдер.